Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Республикалық маңызы бар бірқатар трассаны су шайып кетті.

Республикалық маңызы бар бірқатар трассаны су шайып кетті.

“Қазавтожол” ҰҚ” АҚ-ның 10 сәуірдегі мәліметінше, еліміздің республикалық маңызы бар 8 жол жүру учаскесі жабық.

Ведомства автомобиль жолдарын су шайып кетудің бірден-бір себебі — күннің күрт жылып, қардың тез еруі салдары екенін атап өтті.

«2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде су тасқыны орын алды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам жұмылдырылған.

Бөлісу