Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Ердоған Украинадағы қантөгісті тоқтатуға шақырды.

Ердоған Украинадағы қантөгісті тоқтатуға шақырды.

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған АӨСШК-тің VI саммитінде Украинадағы жанжалды реттеуге шақырды. Түркия басшысы әділ бейбітшілікке дипломатия арқылы қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Оның айтуынша, Түркия мен БҰҰ-ның соғыстың келеңсіз зардаптарын жоюға күш салуы бүкіл әлемде мойындалды.

«Соғыста жеңімпаздар жоқ және әділ әлемде жеңілгендер де жоқ. Екінші жағынан, БҰҰ-мен соғыстың жағымсыз салдарын жоюға бағытталған қарқынды күш-жігеріміз бүкіл әлемде мойындалды» — деді Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған.

Сондай-ақ, Украина астығын Қара теңіз арқылы экспорттау туралы Стамбул келісімі, өткен айдағы тұтқындар алмасу осы бағыттағы нақты жетістік екені айтылды.

«Біздің мақсатымыз алаңдағы барлық қиындықтарға қарамастан, қарқынды сақтау, қантөгісті тезірек тоқтату», – деді Ердоған.

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті өтіп жатыр.

Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. 13 қазанда оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Бөлісу