Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Алматы тұрғындарына электросамокатпен қалай жүру керектігі үйретіледі.

Алматы тұрғындарына электросамокатпен қалай жүру керектігі үйретіледі.

Алматыда самокаттарда жүру Мектебінің үшінші маусымы ашылады. 5 шілдеде әрбір тұрғын электросамокаттарда  қауіпсіз және этикалық жүргізудің негізгі ережелері бойынша тегін оқудан өте алады. Іс-шара әкімшілік полиция мен қала әкімдігінің қолдауымен өтпек.

Самокаттарды жүргізу мектебі 5 шілдеде сағат 13.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Іс-шара М. Әуезов атындағы драма театрына кірер алдында алаңда өтеді. Оқыту тегін және барлық кәмелетке толмағандар үшін қол жетімді. Оқу курсы шамамен 15 минутты алады.

Мектепте не үйренуге болады:

● ҚР-да самокаттарда жүру бойынша қандай жол қозғалысы ережелерін білу керек

● Жауапты жүргізудің қандай принциптерін сақтау маңызды

● Электросамокттарда қайда жүруге және қозғалуға болмайды

● Қозғалыс кезінде не нәрсеге басты назар аударған жөн

● Самокаттарды қайда және қалай дұрыс қою керек.

Бөлісу