Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Қазақстан халқы кредитті көп алатын болған.

Қазақстан халқы кредитті көп алатын болған.

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы сәуірде 1,2%-ға ұлғайып, 17,8 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 6,4%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттердің өсуі тұтынушылық қарыздардың 1,4%-ға 11,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ ипотекалық кредиттеудің 0,6%-ға 5,5 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 15,4 трлн теңгені немесе активтердің 29,4%-ын құрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

2024 жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 1,4%-ға 29,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 4,2%-ға өсу), оның ішінде ұлттық валютада 1,1%-ға 26,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 5,0%-ға 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 92,1%-ды құрады.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы сәуірде 1,8%-ға 11,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 0,9%-ға өсу). Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 1,4%-ға 9,6 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бері 1,0%-ға төмендеу). Оның ішінде ШОБ субъектілеріне қарыздар 1,0%-ға 5,6 трлн теңгеге дейін, ірі бизнеске қарыздар 1,8%-ға 4,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер бір айда 4,3%-ға 1,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 12,7%-ға өсу).

2024 жылғы сәуірде бизнес субъектілеріне 1,5 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы сәуірмен салыстырғанда 13,1%-ға артық (2024 жылдың басынан бері 5,4 трлн теңге берілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,2%-ға артық).

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы сәуірде 1,2%-ға ұлғайып, 17,8 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 6,4%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттердің өсуі тұтынушылық қарыздардың 1,4%-ға 11,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ ипотекалық кредиттеудің 0,6%-ға 5,5 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты.

2024 жылғы сәуірде бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,5%-ды (2024 жылғы наурызда – 19,3%), халыққа қатысты – 19,8%-ды (2024 жылғы наурызда – 19,1%) құрады.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің 3,1%-ын немесе 959 млрд теңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,9% немесе 864 млрд теңге).

Бизнес берілген кредиттер бойынша NPL90+ қарыздарының деңгейі 2,3%-ды немесе 286 млрд теңгені, халыққа берілген кредиттер бойынша — 3,8%-ды немесе 672 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 72,7%-ды құрайды (01.01.2024ж. – 75,9%).

Бөлісу