Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Ақмолада жол апатынан үш адам қаза тапты.

Ақмолада жол апатынан үш адам қаза тапты.

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам жарақат алды.

Оқиға 18 ақпан күні сағат 13:45 шамасында «Көкшетау-Атбасар» автожолында тіркелген. Polisia.kz мәліметінше, аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Көкшетау-Атбасар» автожолының 29 шақырымында 43 жастағы ер адам басқарып келе жатқан «Тойота Камри» маркалы автокөлік жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, 46 жастағы ер адам басқарып келе жатқан ресейлік есепте тұрған «ВАЗ-2115» маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қайтыс болды», -деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ақпарат орталығы.

Қазір оқиға кезінде жарақат алған төрт адам ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік,  Орал-Атырау тас жолының бойында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам мерт болды.

Бөлісу