Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Ел тұрғындары қанша жалақы алатыны белгілі болды.

Ел тұрғындары қанша жалақы алатыны белгілі болды.

Ұлттық статистика бюросы ел халқының 2024 жылғы I тоқсандағы жалақы жайлы мәліметті жариялады.

Статистика мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы I тоқсандағы Республика бойынша жалақының орташа мәні – 382 279 теңге болған.

2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім:

Атаулы мәнде – 12,3%

Нақты мәнде – 2,7%

 Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша – 251 997  теңгені құрады.

Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында – 18,2%-ға, Алматы қаласында – 16,4%-ға,  Ақтөбе облысында – 16,1%-ға, Павлодар облысында – 15,9% байқалды.

Бөлісу