Logo
Іздеу
Айдарлар

«Арыста екі адам қаза тапты: Оның бірі қала тұрғыны, екіншісі әскери адам».

/
«Арыста екі адам қаза тапты: Оның бірі қала тұрғыны, екіншісі әскери адам».

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Арыс қаласында болған жарылыстан екі адам қаза болғанын хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелович Тоқаев төтенше жағдайлар болған оқиға орнында болды, нақты тапсырма берді. Тиісті шаралар ұйымдастырылып, Арыс қаласының тұрғындары түгел қауіпсіз жерге көшірілді. Өкінішке орай екі адам қаза тапты: Оның бірі азаматтық тұлға, екіншісі әскери адам. Олардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Жапа шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде», — деді премьер-министр үкімет отырысында.