12-12-20 |
1680 рет қаралған
Никоновтың арандатушы әрекетіне қатысты сыртқы істер министрлігі Ресейге нота жіберді.
Никоновтың арандатушы әрекетіне қатысты сыртқы істер министрлігі Ресейге нота жіберді

Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылып, Ресейлік дипломатқа СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Бірінші арнадағы «Қазақстанның территориясы – Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деген сөзіне қатысты түсініспеушілік білдірді.

Кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні атап өтті.

ҚР СІМ ресей тарапының мұндай мәлімдемелерге тиісті баға беруін күтуде және Ресей Федерациясының мемлекет қайраткерлерінен мұндай мәлімдемелерге жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақырады.

Бұған дейін Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов Ресейдің бірінші арнасының эфриінен «Қазақстанның территориясы – Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деп Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына қарсы өрескел пікір айтқан еді. Ресейлік саясаттанушының пікірінің өрескелдігі сонша ол аузына келгенін айта салған. Қазақстанға ешкім, ешқашан жер сыйлаған емес, қазақ та ешқашан жерін ешкімге сыйға бермейді. Никонов секілді арандатушылардың сандырағы еш негізсіз, дәлелсіз, дәйексіз. Қазақ хандығы құрылғаннан беріден алып айтқанда қазақ жері үшін сан мыңдаған қазақ қан төгіп сүйемдей жер үшін күресіп өткен. Жер – қазақ үшін жаннан қымбат! Қазақстан территориясының тұтастығын заңды түрде БҰҰ дәрежесінде дүниежүзі мойындаған және ол халықаралық құжаттармен бекітілген. Республиканың территориясын мойындап, шекара бөлінісін ресми түрде екіжақты құжатпен бекіткен көршілес елдердің ішінде Ресей де бар. Сондықтан да ресми Мәскеу Никоновтың пікірін айыптап, Қазақстаннан ресми кешірім сұрауы тиіс. Ал Никонов бірінші арнаға қайта шақырылып, Қазақстанға қатысты пікірін бас тартуы шарт!

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.