27-04-21 |
1750 рет қаралған
Маңғыстауда полиция қызметкері арқар атқан.
Маңғыстауда полиция қызметкері арқар атқан

Маңғыстауда Қызыл кітапқа енген арқар жануарын атып алғандар ұсталды. Қолға түскен аңшылардың қатарында полиция қызметкерлері бар.

Табиғат қорғаушылары төрт адамнан құралған браконьерлерді қолға түсірді. Мемлекетпен қорғауға алынған жерде бетперде киіп, қашқандардың екеуі полиция қызметкері екені анықталды.

Қаскөйлер ақ түсті автокөлікпен ерекше қорғалатын «Қызылсай» табиғи паркінің аумағында жүрген.

Табиғат қорғаушылары оларды 100 шақырым жерге дейін қуып жүріп ұстады. Браконьерлердің көлігінен төрт аңшы мылтығы мен жабайы аң еті шықты. Қызыл кітапқа енген түз тағысын атқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Шетпе ауылының төрт тұрғыны болған. Олардың әрқайсысында бір-бір мылтық болған. Автокөлік тексеріліп, қару-жарақ алынды. Хаттама жасалып, Маңғыстау ауданының полиция бөліміне тапсырылды. Ішінде екі полиция қызметкері бар екені белгілі болды», – Қызылсай мемлекеттік аймақтық табиғи паркінің директоры Омар Сәрсенғазиев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.