18-06-24 |
2740 рет қаралған
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам адамның құқықтары қорғалды.
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам адамның құқықтары қорғалды

Осы жылдың 5 айында прокурорлар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғаусаласында 89 тексеру мен талдау жүргізді, нәтижесінде 527 заң бұзушылықтар анықталды, 68 ұсыныс қаралып, 4 наразылық қанағаттандырылды.

Прокуратура актілері бойынша мүгедектігі бар 7 мыңнан астам адамның құқықтары қорғалды. Жол берілген бұзушылықтар үшін 284 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 65-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, ағымдағы жылдың басынан бастап Маңғыстау облысы прокуратурасының бастамасымен Ақтау қаласының аумағында «Кедергісіз қала» пилоттық жобасы іске қосылды және ай сайын халықтың аз қозғалатын топтары үшін қолжетімділігі қиын инфрақұрылым объектілерін анықтау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізіледі.

Осылайша, жобаны іске асыру барысында прокурорлар Ақтау қаласының аумағында мүгедектігі бар адамдарды еріксіз ұстап, адамдар көп жиналатын жерлерде қайыр сұрауға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат алды.

Маңғыстау облысы прокурорының қаулысы негізінде полиция органдары бірқатар іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмыстық іс аясында 2024 жылғы 22 сәуірде Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасауға қатысы бар 5 адам ұсталды.

Тағы бір мысал, Бас прокуратураға 2-ші топтағы мүгедек әйел пәтермен жасалған мәміленің жарамсыздығы туралы сот актілеріне наразылық білдіру туралы өтінішхатпен жүгінген.

Қант диабетімен ауырған ол бірнеше рет ота жасап, оның барысында аяқ-қолдары кесілген.
2022 жылдың мамыр айында ол ерлі-зайыптылардан 9 миллион теңгеге пәтер сатып алды. Кейіннен бұрынғы иелердің отбасылық келіспеушіліктері мен өзара мүліктік талаптары болды, нәтижесінде олар сатып алушыға сатып алу-сату шартының жарамсыздығы туралы талап қойды.

Өтініш беруші пәтерді сатып алған кезде үшінші тұлғалар тарапынан мүлікке талап-арыздар бар екенін білмегенін, алайда Маңғыстау облысының соттары сатушының талаптарын қанағаттандырғанын атап өтті.

Нәтижесінде, отбасылық жанжалдың кепіліне айналған әйел пәтерден де, оған берілген ақшадан да айырылды.

Өтініш берушінің құқықтық қорғаудың барлық мүмкіндіктері таусылғанын ескере отырып, Бас Прокурор оның мүддесіне наразылық білдірді, оны Жоғарғы сот қанағаттандырды.

Сатушы мен сатып алушы арасында жасалған пәтерді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп танудан бас тартылды.

Өзін-өзі қорғай алмайтын азаматтардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.