18-06-24 |
6660 рет қаралған
Алматыда соттың шешімімен үш қабатты ғимарат сүріле бастады.
Алматыда соттың шешімімен үш қабатты ғимарат сүріле бастады

И.Кәрімов көшесі, 109, мекенжайдағы үш қабатты ғимарат соттың шешімімен бұзыла басталды. Бұған дейін Қала құрылысын бақылау басқармасы тексеру жүргізіп, құрылысқа қажетті рұқсаттың бар-жоғын анықтаған болатын.

Соттың шешімімен құрылыс жұмыстары тоқтатылып, меншік иесіне айыппұл салынды. Алмалы аудандық сотына бұзу туралы талап беріліп, қанағаттандырылды. Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен сүріле бастады.

Шаһар басшысы Ерболат Досаев заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырды. Былтырдан бері 37 заңсыз нысан, соның ішінде бизнес орталық, мейрамхана, тұрғын үй кешені және т.б. нысандар бұзылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.