18-06-24 |
4190 рет қаралған
Германияда жоғалып кеткен астаналық әйел өлі табылды.
Германияда жоғалып кеткен астаналық әйел өлі табылды

Германияда із-түзсіз жоғалған астаналық экс-судья Айгүл Сайлыбаева өлі күйінде табылды.  Бұл туралы немістің Bild басылымы хабарлады.

«4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға апарып тастаған. Содан бері оны ешкім көрмеген. Жексенбі күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды», – делінген хабарламада.

Bild басылымының хабарлауынша, мәйіт полиэтилен пакетте болған, ал әйел өлім алдында зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір 35 тергеуші кісі өлтіру оқиғасын ашумен айналысуда. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді.

Сонымен қатар Сайлыбаеваның 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова да жоғалып кеткен. Айтуларынша, ол 4 маусым күні немересін балабақшадан алып, үйіне әкелген. Содан бері әжесі көрінбейді.

Bild басылымы баланың өзі аман-есен, туыстарының қамқорлығына берілгенін хабарлады.

Ағасы әпкесінің тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша шағымданғанын айтқан. Қазір Донцованы іздестіру жұмыстары жалғасуда және екі жоғалған адамның арасында байланыс орнатылуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.