12-08-21 |
790 рет қаралған
Ақтөбеде 16 жастағы қызын шенеунікпен төсек қатына түсірген әйел істі болды.
Ақтөбеде 16 жастағы қызын шенеунікпен төсек қатына түсірген әйел істі болды

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев шенеунік пен кәмелетке толмаған қыз арасындағы жақын қарым-қатынас туралы жаға ұстатарлық мәлімдеме жасады.

 

«Өткен жылы Ақтөбе облысында 16 жасқа толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен шенеунік педофилия күдігімен ұсталған. Оның үстіне, жеке көзқарастары үшін анасының өзі қызын осындай әрекетке баруға мәжбүрлеген», – делінген министрдің ҚР Судьялар одағының «Заңгер» журналында жарияланған мақаласында.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда күдікті қамауға алынған. Қызын жезөкшелікке итермелегені үшін анасына да қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен бірге министр ағымдағы жылдың бес айында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған мыңнан астам қылмыс тіркелгенін де айтып өтті. Олардың жартысына жуығы жыныстық қол сұғушылыққа қатысты.

Ол мұндай қылмыстар жасырын кейіпте болатынын, сондықтан оның алдын алу қиынға соғатынын атап өтті. Мұндай жайттардың әр екіншісі полицияға кіруге шектеулі үйлерде болады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың 70%-дан астамын балалар сенген немесе тәуелді болған жақын адамдар жасайды.

Бұл қатарға әкелері, анасымен бірге тұратын азаматтар, өгей әкелер, туыстары және көршілері кіреді.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.