03-07-21 |
840 рет қаралған
Ақтөбеде әскери танк темір-терсек қабылдау орнынан табылды.
Ақтөбеде әскери танк темір-терсек қабылдау орнынан табылды

Ақтөбелік тұрғын әскери техниканы темір-терсек қабылдайтын орынға ешқандай құжатсыз 1 миллион 500 мың теңгеге өткізіп жіберген.

Т-34 маркалы танкінің иесі алғашында техниканы өзіне жол талғамайтын көлік жасау үшін алған екен. Кейін ойы өзгеріп, оны сатып жібермекші болады.

Ал әскери полицейлер Т-34 – тің 2011 жылы Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінен есептен шығарылғанын айтты. Ең қызығы, танк заң бойынша арнайы мекемеде утилизациядан әлі өтпеген болып шықты.

Қазір әскерилер техниканы күзетке алғандарын және жағдайды толық тексеріп жатқандарын айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.