03-06-21 |
650 рет қаралған
Ақтөбеде биыл жеті педофил абақтыдан шығады.
Ақтөбеде биыл жеті педофил абақтыдан шығады

Ақтөбедегі жазасын өтеу мекемесінен жыл соңына дейін 7 педофил бостандыққа шығады. Абақтыда 5 жылдан 10 жыл аралығында қамауда отырған педофилдердің жасы 18-бен 76 жас аралығында. 

Қазіргі уакытта өңірдегі түзеу мекемесінде жасөспірімдерді қорлап, қылмысы дәлелденген барлығы 21 педофиль жазасын өтеп жатыр. Оның 14-і Ақтөбе облысының тұрғындары. Сотталушылардың қатарында Қостанай және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары бар. 

« КА-168/2 түзеу мекемесінен жыл соңына дейн 7 педофиль жаза өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шығады. Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан педофильдердің ең жасы 18-де болса, ең үлкені 76 жаста. 76 жастағы педофильдің жаза өтеу мерзімі 6 жыл»,-  деп хабарлайды Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, Ақтөбе облысы бойынша қылмысы дәлелденіп, қамауға алынған педофилдердің алды 10 жыл абақтыда отырса, қалғандары 6-7 жыл және 5 жылдан бері қамауда болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.