09-09-21 |
620 рет қаралған
Ақтөбелік шенеуніктер арзанға бағалаған әуежай саудасын дереу тоқтатты.
Ақтөбелік шенеуніктер арзанға бағалаған әуежай саудасын дереу тоқтатты

Ақтөбе әуежайы тым арзанға сатылып жатқанын айтып, шу көтергеннен депутаттар  наразылығынан кейін  Оразалин басқарған әкімдік «шегініс» жасады.  

Ақтөбе әуежайының сатылуы мәжілісте қызу талқыланды. Депутаттар халықаралық әуежай өте арзанға сатылып жатқанына қарсы болды. 

“Неліктен әуежай 7 жарым миллиард теңгеге бағаланды? Бағалауды «Independent Expert Assessment» ЖШС жүргізді. Ол жасалған жұмыс үшін небәрі 130 мың теңге алған. Фирманың кеңсесі Алматыда. Олар Аөтөбеге барып, іуежайға баға беру үшін қызметтері үшін алған қаражаттан әлдеқайда көп шығын шығатын еді”, – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Андрей Линник.

Депутат мүліктік кешенді бағалаудың дұрыстығын тексеруді талап етті. Ол стратегиялық объектінің нақты бағасы лотта көрсетілгеннен әлдеқайда жоғары деп санайды. 

Ақтөбелік шенеуніктер  бұл тұста тендер талаптарының заңды болғанын айтып сендіреді. 

“Біз мұндай сұрақтар, келіспеушіліктер болмас үшін екінші рет бағалауға тапсырыс бердік. Оны әуежай өзі тапсырды. Бұл сома шамамен бірдей болып шыққан – ол 6,9 -дан 7 млрд теңгеге дейін өзгерді”, – дейді Ақтөбе облысы қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаев. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.