18-01-21 |
780 рет қаралған
«Бомба»: Ақтөбедегі мектептен 600-ден аса адам эвакуацияланды.
«Бомба»: Ақтөбедегі мектептен 600-ден аса адам эвакуацияланды

Бүгін Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының электронды мекенжайына мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция 600-ден астам адам эвакуациялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына шықты, оқушыларды, оқытушылар құрамы мен техникалық персоналдарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Барлығы 600-ден астам адам эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері барлық ғимараттарға жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ»,- деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, жалған ақпарат қалдырған тұрғын әлі табылмаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.