06-05-19 |
2620 рет қаралған
Ресей азаматтығын алған адам Қазақстанда заңсыз адвокаттық қызмет істеп келген.
Ресей азаматтығын алған адам Қазақстанда заңсыз адвокаттық қызмет істеп келген

Бүгін Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Раиса Якубенкоға қатысты сот шешімі шықты, деп журналист Бақыт Жаншаева фейсбук парақшасында жазады.

Сот адвокаттар алқасының төрайымын лицензиясынан айырды. Адвокаттар алқасының мүшесі Раиса Якубенко 18 жылдан бері күйеуі адвокат Валерий Якубенконың Ресей азаматы екенін жасырып келген. Сөйтіп Ресей азаматына бюджет ақшасын алуға жол ашқан.

Облыстағы қызметі ең қымбат адвокат ретінде төрайымның күйеуі Валерий Якубенко тек соңғы 3 жыл ішінде 5 миллион тапқан. Оның әр сот процессіне қатысқаны үшін кемінде 2 мың доллар алатын адвокат екені белгілі болды. Раиса Якубенко сот процесінде » білмедім» деп өтірік жалтармақ болған.

2000 жылы 14 жастағы ұлын Ресейге оқуға жібереді. Ресей заңы бойынша баланың ата-анасының біреуі Ресей азаматы болуы керек. Сол кезде әкесі Ресей азаматтығын алған болуы мүмкін. Бірақ Қазақстанда адвокаттық қызметін жалғастырып, заңсыз ақша табуын жалғастырған.

35 жыл төрайымдық еткен адвокаттар алқасын өз жекеменшкік мекемесіндей көріп кеткен Раиса Якубенко төрайым ретінде оны жасырып келген.

Раиса Якубенконың ісі туралы фейсбук парақшасына жазба жазған журналист Бақыт Жаншаева: «Ақтөбе облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары Әлия Тасыбаева бұлардың шырмауын тарқатып, әшкерелей білді. Небір мықты адвокаттардың тегеуріне төтеп беру оңай емес әрине. Бір жылдан астам уақытқа созылған іске бүгін нүкте қойылды» деп жазады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.