Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы жұмысының қорытындысы бойынша қылмыстық және азаматтық процесте, қылмыстық жазаны атқару саласында, сондай-ақ атқару өндірістерінде заңдылықты қамтамасыз етуде айтарлықтай кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Анықталған бұзушылықтар Бас прокуратураның тәртіптік комиссиясында қаралып, нәтижесінде Бас Прокурордың бұйрығымен тәртіптік теріс қылығы үшін Алматы қаласы прокуроры Ғ.Миразов лауазымынан босатылды. Сондай-ақ қадағалау қызметін лайықты ұйымдастырмағаны, қылмыстық процесте жүйелі бұзушылықтарға жол бергені және сотта мемлекет мүддесін тиімсіз өкілдік еткені үшін Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Д.Н. Сыздықов пен Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары А.А.Қожахметов атқарған қызметтерінен алынды.
Ақтөбе облысының прокуроры М.Ж. Қайыбжанов, Ақмола облысының прокуроры Т.Ғ. Тәшімбаев, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Б.Н. Асылов, сондай-ақ бірқатар облыс прокурорларының орынбасарлары, оның ішінде Павлодар облысы прокурорының орынбасары Б.К. Мырзакеров, Алматы облысы прокурорының орынбасары С.С. Бакиров, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Ж.Б. Еламанов, Атырау облысы прокурорының орынбасарлары С.Р. Шалабаев, М.А. Төлеубаев, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары А.А. Досекенов, және Тараз қаласының прокуроры Б.С. Сейілханов пен Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы прокуроры Д.С.Қаражаспаев әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024