09-10-19 |
600 рет қаралған
Алматы облысында Қытай жұмысшылары қазақ жігітті сабап тастаған.
Алматы облысында Қытай жұмысшылары қазақ жігітті сабап тастаған

Алматы облысында қытай жұмысшылары қазақ азаматын сабаған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазТАГ жазады.

«7 қазанда кешкі сағат 19.00 шамасында Алматы облысы, Ескелді ауданы аумағындағы Алматы-Өскемен тасжолының 303 шақырымында орналасқан «Citic Construction» ЖШС базасының территориясында 1998 жылы туған, Қазақстан азаматы жүргізуші Қанат Жамбыл мен 1992 және 1995 жылдары туған қытай азаматтары Лянг Женг пен Ченг Пенглинь үшеуі шекісіп қалған. Сөйтіп Қанат Жамбыл жеңіл дене жарақатын алған» делінеді облыс әкімі баспасөз қызметінің таратқаны хабарында.

Оқиға орнына Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов барып, бірінші вахталық қалашық жетекшісі Ван Пэнмен және жұмысшылармен кездескен. 

«Кездесу кезінде жұмысшылар – Қазақстан азаматтары еңбек жағдайы мен тұрғын жайға және еңбек мигранттарының санына көңілдері толмайтынын айтқан. Бүгін прьемер-министр Асқар Мамин, Алматы облысы әкімі Амандық Баталов және «Citic Construction» ЖШС директоры қатысатын жиналыс өтіп, онда аталған мәселелер қаралады» дейді баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.