16-06-21 |
550 рет қаралған
Алматыда алимент төлейтін әкелер саны 12 мыңнан асты.
Алматыда алимент төлейтін әкелер саны 12 мыңнан асты

Алматыда 200-ден аса әке алимент төлеуден қашып жүр. Безбүйрек ерлердің баласы алдындағы қарызы 350 миллион теңгеге жеткен.

Жұмыс жоқтығын сылтауратқан азаматтарға енді әділет департаменті мен жеке сот орындаушылар жұмыс іздеуге кірісті. Алматыдағы жауапсыз әкелерге бос жұмыс орындары ұсынылды.

Бір ғана Алматының өзінде алимент төлейтін әкелер саны 12 мыңнан асқан. Бірі перзентінің алдындағы берешегін өтеп жатса, көбісі жалақысын жасырып қалуға тырысады.

Әрқайсысынан алатын болсаңыз, миллионның үстінде. Әр борышкердің, 200 адамның миллионның үстінде қарызы бар. Үш айдан артық төлемесе, оны проблемалық алиментке кіргізіп жатырмыз. Біреуде 2 миллион бар. Біреуде 3 миллион. Екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Он адамға қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оның үстіне тағы алменттен жалтарып жүрген 25 адамға сондай шара дайындап жатырмыз”, – деді Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Абай Арап.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.