20-08-21 |
480 рет қаралған
Алматыда жүзден аса вакцина құжатын сатқандар қолға түсті.
Алматыда жүзден аса вакцина құжатын сатқандар қолға түсті

Алматыда емхана меңгерушісі жалған вакциналау паспортын сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлады қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Оның қарамағындағылар мен делдалдар әрекеті де әшкере болды.

Олар ақшалай сыйақыға 100-ден астам жалған вакциналау паспортын жасады және сатты деген күдікке ілінді, яғни медицина қызметкерлері денсаулық сақтау министрлігінің «Вакциналау» электронды модуліне жалған ақпарат енгізген, соның негізінде «egov.kz» электронды үкімет порталында азаматтардың коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғаны туралы жалған электронды паспорттар жасалған.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот қабылдайды.

Жалған вакциналау паспортын жасады деген күдікке ілінгендерді қала прокуратурасының үйлестіруімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстады.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.