16-09-19 |
960 рет қаралған
Шамалғандағы апат: Қазақстан теміржолы не дейді?.
Шамалғандағы апат: Қазақстан теміржолы не дейді?

Шамалғандағы апатқа қатысты Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы арнайы мәлімдеме таратты. Онда пойыз автобуспен соқтығсар сәтте дабыл қоңырауын басқанын бірақ  арақашықытық тым жақын болғандықтан машинист пойызды тоқтата алмағаны айтылады. Сондай-ақ, автобуыс жол кептелісі салдарынан теміржолдың үстіне тұрып қалуға мәжбүр болған екен.

«№757 АR 05 автобусының жүргізушісі өтпенің арғы жағындағы жолдың бостығына көз жеткізбестен, өтпенің үстіне шығып кетіп, орын алған «тығын» салдарынан өткелде тұрып қалуға жол берген. №43 жолаушылар пойызының жақындауы кезінде өткелдің дабыл құрылғысы автоматты түрде іске қосылып – өткел бағдаршамы «қызылға» жанып, шлагбаум автокөліктің өткелде тұрып қалуына байланысты соңына дейін жабылмай қалған. Өткел бойынша кезекші жолаушылар пойызын тоқтату үшін ескерту бағдаршамын іске қосу бойынша шара қабылдады.

Бұл орайда №43 жолаушылар пойызының машинисі жедел тежегішті іске қосқанымен, арақашықтықтың аздығынан қақтығыстың алдын ала алмады. Соқтығысу нәтижесінде автобусты жолдан қағып, KZ4AC-0010 электровозы зақымданды, бірақ жолдан шыққан жоқ. Қақтығыс салдарын №43 пойызының электрвозы ауыстырылып, 01 сағат 38 минут кешіктіріліп жөнелтілді, пойыз жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ» делінеді компания таратқан мәлімдемеде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.