29-01-21 |
1380 рет қаралған
Ауыл молдасы оқушымен төсектес болды.
Ауыл молдасы оқушымен төсектес болды

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ауыл молдасы қамауға алынды. Тергеу мәліметінше, ол мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен. Ауыл тұрғындарының арасында «молдадан жүкті болып қалған оқушы жасанды түсік те жасатты» деген әңгіме бар. Алайда мешіттегілер 40 жастағы күдіктінің мүфтиятқа қатысы жоғын айтады, деп хабарлайды  Arasha.kz.

Айтуға ауыз бармайтын жағдай облыс орталығынан шалғайдағы ауылдардың бірінде тіркелді. Алғашқы қауесет ауыл тұрғындарының әңгімесінен тараған. Мектеп оқушысы молдасынан жүкті болып, жасанды түсік те жасағаны туралы сөз желдей ескен.

Ақпаратты тексеруге ауылға барған полицейлер оқиғаны растап, қыз зорлау фактісімен іс қозғады. Қаршадай қызға жыныстық қылмыс жасалғаны туралы ата-анасы да жақ ашпаған.

«Аталған хабарламаға сәйкес, ҚР ҚК 120-бабы 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен аталмыш іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты сотпен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды»,-дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Ал мүфтияттың айтуынша, күдіктінің діни білімі болғанымен, имамдық сертификат алмапты. Дегенмен ауылдағылар оны діни жоралғыларды өткізуге шақырып ауыл молдасына айналдырып алған.

Дереккөз: ktk.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.