23-11-20 |
690 рет қаралған
Қарағанды облысы бір масканы 68 мың теңгеге сатып алған.
Қарағанды облысы бір масканы 68 мың теңгеге сатып алған
Zertteu Research Institute Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасына бағынышты «Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» мекемесі мемлекеттік сатып алу арқылы бетперденің (маска) бір данасын 68 мың теңгеден 13,6 млн теңгеге 200 дана бетперде сатып алғаны туралы ақпарат жариялады.
«Қарағанды облысында жартылай бетперде сатып алуға 13,6 млн теңге жұмсаған.
Бетперденің бір данасы 68 мың теңге. Барлығы 200 дана алған.
Тапсырыс беруші Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ.
Өнім беруші «GoldenStag» ЖШС-мен келісім-шарт 2020 жылдың 1 сәуірінде жасалған.
Техникалық ерекшелігінде тауарға толық сипаттама берілмеген: «Аэрозольден қорғайтын фильтрі бар 3М жартылайбетперделері. Қатты бөлшектердің ауадағы үлесі шамадан тыс көп болуы мен булануы қиын сұйық бөлшектерден жұмысшылардың тыныс алу органдары зиян шегетін жағдайда, солардан жақсы қорғану мақсатында қолданылады. Көмір шаңдарынан қорғайтын сүзгісі бар» делінген Zertteu Research Institute зерттеуінде.
Бүгін президент Қ.Тоқаев Қарағанды облысына іссапармен барды. Қарағанды облысын әкімі 2019 жылдан бері – Жеңіс Қасымбек. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасын Ержан Нұрлыбаев басқарады. Жоғарыдағы маска сатып алуды жүзеге асырған «Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» мекемесінің басшысы – Сәбит Тапин.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.