30-09-20 |
650 рет қаралған
Екі өңірде блок-бекеттер қойылды.
Екі өңірде блок-бекеттер қойылды

Атырау мен Ақтөбе облыстарында бас санитарлық дәрігерлердің шешімдеріне сәйкес төрт блок-бекеті мен екі санитарлық пост қойылды. Сонымен бірге полиция 299 карантиндік нысанды қоршауға алды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Тәртіп сақшылары медициналық мекемелердің сұрауы бойынша науқастармен қатынаста болған адамдарды іздеумен айналыспақ. Денсаулық сақтау мекемелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп елімізде 50 мыңнан астам рейдтер жүргізген.  Нәтижесінде карантин шектеулерін бұзған 28 мың факт анықталды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны заңды және жеке тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.