26-01-21 |
800 рет қаралған
Оралда бұрынғы бас дәрігерге қатысты сот отырысы басталды.
Оралда бұрынғы бас дәрігерге қатысты сот отырысы басталды

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Қайыповқа қатысты сот процесі басталды. Ол жемқорлық бабымен айыпталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өткен жазда коронавирус індетінің алғашқы толқыны кезінде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жалпы сомасы 78,2 миллион теңгеге мониторлар сатып алған. Іс материалдарында Қайыповтың жабдықтар жеткізіліп, құжаттарға қол қойылғаннан кейін пара алғаны жазылған.

« 2020 жылы тамыз айында басқарма жетекшісі Қайыпов жоғарыда айтылған келісімге кедергісіз қол қойып, атқарылған жұмыстарды қабылдап, медициналық жабдықтарды кедергісіз қабылдағаны үшін жалпы соманың 10 пайызын яғни 7,8 миллион теңгені талап еткен», — деді прокурор Руслан Жұматаев.

Тергеу кезінде мемлекеттік мекемеге жабдық жеткізуші «ОрдаМед» компаниясының өкілі амалсыз көнгенін айтқан. Шенеунікке ақша басқа адам арқылы жеткізілген. Ал бұрынғы бас дәрігер ол адамды танымайтынын алға тартады.

Болатбек Қайыпов Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасын 7 айдан астам уақыт басқарған.

Қазан айында жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі Қайыповтың ұсталғанын хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.