17-10-19 |
1890 рет қаралған
Билік Жаңаөзеннен неге қорқады?.
Билік Жаңаөзеннен неге қорқады?

Билік Жаңаөзенде әлеуметтік наразылық күрт күшейіп кете ме деп қорқады. Өйткені қала халқының саны өсіп, жұмыссыздық көбейген, – деп жазады inaktau.kz. Сондықтан жергілікті билік ықтимал әлеуметтік наразылықтардың алдын алу үшін қаланың Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласына көшуге ықтиярлы тобына баспана алып беріп, бастапқы көмек жасауға кірісіпті. Ол үшін республикалық бюджеттен 2,9 миллиард теңге бөлінсе, «Өзенмұнайгаз» компаниясы бір миллиард теңге бөлмек екен. Сөйтіп 6 қыркүйекте 541 миллион теңгеге 70 пәтер алуға келісім жасалса, тағы 50 пәтер алу қараша айына жоспарланған.

Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаровтың айтуынша, Ақтауға көшуге 70 отбасы келісім берген. Қоныс аударатын отбасыларға 83 мың теңге субсидия беріледі. Және «Өзенмұнайгаз» отбасының әр мүшесіне 100 мың теңгеден көмек береді.

Жергілікті биліктің бұл әрекеті өзін өзі қаншалықты ақтайтыны белгісіз. Бұғаг дейін Жаңаөзенде бірнеше рет жұмыссыздық мәселесі көтеріліп, тұрғындар жергілікті әкімдіктен жұмыс тауып беруді талап еткен еді.

Қала әкімінің сөзінше, Ақтау қаласы облыс орталығы ретінде дамып келеді, көптеген жобалар іске асуда. Сондықтан қалада жұмыс тауып, орналасып кетуге мүмкіндік бао көрінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.