15-06-21 |
550 рет қаралған
Маңғыстау жұрты малын картонмен асырап отыр.
Маңғыстау жұрты малын картонмен асырап отыр

Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтың салдарынан фермерлер малды картонмен тамақтандыруға мәжбүр.

Жағдайдың қиындығына қарамай, жергілікті әкімдік әлі де уәдені үйіп төгуде.

“Иә, биыл бізде құрғақшылық мәселесі бар. Бірақ қазіргі уақытта өңірге жем-шөп жеткізілуде. Ақтөбе облысының кәсіпкерлері өңірге азық-түлік әкеледі”, – дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Маңғыстаудағы жылқылардың өлімі үшін жауапкершілік аудандық әкімдіктерге жүктелетінін мәлімдеді.

“Иә, менің ойымша, бұл аудандық әкімдіктердің олқылығы. Олар жергілікті жерлердегі жағдайды ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе облыс әкімдігіне қарағанда жақсы біледі. Егер олар жағдайды алдын ала ескертіп, қолдау шараларын ұсынса, біз, әрине, үкімет тарапынан қазіргідей көмекті көрсететін едік”, – деді министр.

«Жылқылар топырақ жеп жатыр»: Маңғыстау мен Қызылордадағы малдың қырылуына не себеп болғаны айтылды

Қызылорда облысында төтенше жағдай енгізу ұсынылды
Өз кезегінде облыс әкімі Серікбай Трұмов жем-шөп қорын арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен 200 млн теңгеден астам қаражат бөлінгенін хабарлады.

“Соңғы жылдары аймақта байқалған қатты құрғақшылық мал шаруашылығына зиянды әсер етті. Құрғақшылық жағдайында мал басын сақтау үшін облыста шаруашылықтарды жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында арнайы штаб құрылды. Ақтөбе облысының әкімдігімен меморандум жасалды. Соның ішінде маңғыстаулық малшыларға қажетті мөлшерде жем-шөп жеткізу және жайылым мен шабындық үшін жер учаскелерін беру келісілді. Біз бұл жұмысты бастап кеттік. Азық қорын қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Көрші облыстардан жөнелтілген жем-шөп өңір шаруаларына жеткізіледі”, –деп атап өтті ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.