26-01-21 |
510 рет қаралған
Маңғыстаулық тұрғын 5 млн теңгемен көшеде ұйықтап қалған.
Маңғыстаулық тұрғын  5 млн теңгемен көшеде ұйықтап қалған

Маңғыстаулық полицейлер 5 миллион теңгеге көлігін сатып, көшеде ұйықтап қалған тұрғынды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғап қалды.

Оқиға 24 қаңтар күні тіркелді.

Polisia.kz мәліметінше, Ақтау қаласы 5 шағын ауданы учаскелік инспекторының көмекшісі Мұрат Мақсат аумақты патрульдеу кезінде подъезд жанында ұйықтап жатқан алкогольдік масаң күйдегі ер адамды байқады.

Аталған азамат жеке басын анықтау үшін учаскелік пунктке жеткізілген. Кейіннен анықталғандай, ер адамның қалтасында 5 миллион теңгеден астам қаражат болған.

Тұрғын өз автокөлігін сатып, сол қуанышты атап өткен. Учаскелік полиция пунктіне азаматтың туыстары шақырылып, барлық қаражат пен жеке заттары туыстарына толық тапсырылды.

Туыстары да, аталған азаматтың өзі де полиция қызметкерлеріне барлық соманы сол күйінде сақтап, табыстағаны үшін алғыстарын білдірді.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.