02-03-21 |
880 рет қаралған
Жол апаты: Қостанай-Әулиекөл тасжолында 7 адам көз жұмды.
Жол апаты: Қостанай-Әулиекөл тасжолында 7 адам көз жұмды

Ірі жол апаты бүгін түстен кейін болды. Қостанай-Әулиекөл тасжолында «Lexus» және «Mitsubishi Pajero» көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Arasha.kz тілшісі.

Жол апаты Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында тіркелді. Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір-бірімен бетпе-бет соқтығысқан көліктің сау жері қалмаған. Жолаушылардың барлығы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жедел жәрдем көлігінің екі бригадасы да бірден көмекке жетті.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.