15-10-18 |
3800 рет қаралған
Тұрғындар Зырян атауының Алтай деп өзгеруіне қарсы шықты.
Тұрғындар Зырян атауының Алтай деп өзгеруіне қарсы шықты

Зырян ауданының кей бір тұрғындары қаланың Алтай деп өзгеруіне қарсы шығып, сотқа арыз жазған. Олан қаланың атын өзгертуге байланысты өткен жиналысқа қатысып, дауыс бергендердің құзіретін заңсыз деп табуын сұраған деп хабарлайды arasha.kz «Время» газетіне сілтеме жасап.

Зырян тұрғындары аудан әкімдігінің сайтында туристерді тартуға байланысты ешқандай негіз де, есеп те көрсетілмеген, сондай-ақ қаланы дамыту үшін туризмді жетілдіру туралы да ештеңе жазылмаған деп отыр.

Арызда 28 қыркүйекте өткен жиынға қатысқандар жергілікті бірлестік өкілдері емес, оларды ешкім тағайындаған жоқ, ал заңда бұл мәселе көрсетілген деп жазылған. Бұл адамдардың шешімінің заңдық күші жоқ екені де айтылған.

Сондай-ақ белсенділер қаланың атын өзгертуге байланысты талаптарға тарихи, табиғи, географиялық және мәдени негіз болуы керек деп жазыпты. Сотқа шағымданушылардың өздері қалаға Зырян кен орнын ашқан Герасим Зыряновтың аты берілгенін алға тартыпты.

Зырян ауданының атауын Алтай деп өзгертуге байланысты бұған дейін де түрлі пікірлер айтылып, баспасөз беттеріне жарияланған, мысалы жазушы Әлібек Асқаров Егемен Қазақстан газетіне берген мақаласында Алтай тауы 4 мемлекетпен – Ресей, Моңғолия, Қытай және Қазақстанмен шектеседі. Бір қызығы – осы Алтайдың төрт жағында да қазақтар тұрады деп жазып:

«Зырян ауданы мен қаласын Алтай деп атау – туризмді дамытуға да үлес қосады. Себебі әлгі Алтайға ағылып жататын туристердің барлығы Алтай деген атауға еріксіз елеңдері сөзсіз. Әрі Зырян – өр Алтайдың ең бір құнарлы, қары қалың болса да қысы жайлы, жазы жаймашуақ өңірінің бірі.  1791 жылы Алтай өңірінен Герасим Зырянов деген инженер түрлі металдар шығаратын кен орнын ашқаннан кейін осы атау берілген екен. Жалпы,  ХVIII ғасырдың ортасына қарай Алтайдың әр жерінде жер асты пайдалы қазбалары көптеп табылып, тау-кен кәсіпорындары өмірге келе бастады. Соған байланысты Шығыс Қазақстанға қоныс аударушылар саны да жылдан жылға арта түсті. Ол замандарда Ресейге қарасты өңірлерден табылған қымбат бағалы мыс кеніштері патшаның отбасы мен мемлекет монополиясында болатын. Осы ретпен Алтайдағы кен орындары да түгелімен Елизавета Петровнаға сыйға тартылады.  Сөйткен  Зырянның қазіргі қалпы да бәлендей емес екенін осыдан-ақ аңғаруға болар.

Тіпті бүгінгі күні ғаламтордағы Википедияда да, Зырян халқы негізінен орыс тілінде сөйлейді деп жазылыпты. Ал 2010 жылғы дерек бойынша, Зырян қаласының 78,18 пайызы орыс ұлтынан деп көрсетілген екен.  Сондықтан Зырянның Алтай аталуы баршамыз үшін зор қуаныш болып отыр.

Жалпы, Шығыс Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері де мұрты сынбай тұрған атаулар жиі кездеседі. Мысалы, Глубокое мекенін қазақтар ежелден Ақтасты деп атайтын, әлі күнге арасында аталып жатады. Міне, осылардың барлығын біртіндеп қазақшалап алсақ, нұр үстіне нұр болар еді» -деп жазыпты Әлібек Асқаров.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылы 28 қыркүйекте Зырян ауданында жиын өтіп, қатысушылар бір ауыздан қала атауын Алтай деп өзгертуге келіскен.  Ал Шығыс Қазақстан Облысы әкімі Даниал Ахметов бұған дейін Зырянның Алтай болып өзгеруін қолдаған еді.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.