01-08-23 |
510 рет қаралған
Смайылов: Ауылды қойып, мектебінде спорт залы жоқ аудандар көп.
Смайылов: Ауылды қойып, мектебінде спорт залы жоқ аудандар көп

Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бұқаралық спортты дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қаралды.

Смайылов бұқаралық спортты дамыту бойынша түрлі бағдарламалар мен жобаларға қарамастан, көптеген жүйелі мәселелер шешімін таппағынын атап өтті. Мәселен, ақпараттық кеңістікті мониторингтеу нәтижесінде шілде айының өзінде ғана осы саладағы проблемаларға қатысты халықтан көп шағым түсетіні анықталды. 

Мысалы, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінде 2020 жылы жөнделген стадион құлап жатыр. 3 жыл ішінде бұл объект жарамсыз болып қалды десе де болады: футбол алаңы мен жүгіру жолдарынан бастап трибуналар мен киім ауыстыратын бөлмелерге дейін жарамсыз күйге түскен, – деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол Қарағанды облысындағы Шұбаркөл көмір вахталық кентінде спорт залы қирап қалғанын атап өтті. Ал Ақтөбе облысының Шиқұдық ауылындағы Теректі мектебінде спортзал жоқ.

Бізде спортзалдары жоқ мектептер тек шағын ауылдарда ғана емес, сонымен қатар ірі қалаларда әлі де көп. Дене шынықтыру мұғалімдері мен кәсіби жаттықтырушылар жетіспейді, — деді Премьер-Министр. 

Arasha.kz

ФОТО: ortalyq.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.