09-04-20 |
420 рет қаралған
Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 34 адамға жетті.
Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 34 адамға жетті

8 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 34-ке жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округі, Дербес ауылының 1995 ж. азаматынан вирус анықталды. Ол COVID-19 инфекциясы расталған азаматпен жақын байланыста болған.

Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда – 5, Ордабасы  – 2, Сайрам – 2, Мақтарал – 4, Арыс – 6, Сарыағаш – 1 тұрғыны індетке шалдыққан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.