09-04-24 |
5820 рет қаралған
Түркістанда “Таза Қазақстан” акциясы аясында тропикалық талдар отырғызылды.
Түркістанда “Таза Қазақстан” акциясы аясында тропикалық талдар отырғызылды

Түркістан қаласындағы белсенді демалыс саябағының ботаникалық бағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тропикалық өсімдіктер егілуде.

Белсенді демалыс саябағының жалпы аумағы – 10,5 гектар. Көгалдандыру алаңы – 61 891,78 шаршы метрді құрайды. Саябақтың аумағында орналасқан Ботаникалық бақ келешекте сұранысы жоғары демалыс орнына айналмақ. Айта кетейік, елімізде баламасы жоқ бұл саябақта тропикалық гүлдер мен талдар өсіріледі. Арнайы жылыжай-ғимаратында жылыту жүйесінің арқасында саябақ жыл бойы жасыл болып тұрады. Саябаққа түрлі құстар, балықтар әкелінеді деген жоспар бар. Бүгінде талдар мен гүлдер егіліп, көгалдар төселген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.