14-01-20 |
550 рет қаралған
Тараздағы мектепте оқушыға азғындық жасаған азаматтың соты өтуде.
Тараздағы мектепте оқушыға азғындық жасаған азаматтың соты өтуде

Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық Қылмыстық соты орта мектептердің бірінде 12 жастағы оқушы қызға жасалған азғындыққа қатысты істі қарап жатыр.

15 қарашада Тараз қаласындағы орта мектептердің бірінде сабақ кезінде мектеп сыртындағы әжетханаға шыққан оқушы қызға 38 жастағы ер адам зорлық көрсеткен. Мектеп видеокамераларының арқасында қылмыскер ұсталып, дереу қамауға алынды. Ол бұрын да зорлыққа қатысты істі болып, жазасын өтеп шыққан екен.

Сотталушы жасөспірімге зорлық және сексуалды зорлық әрекеттері бойынша айыпталып отыр деп хабарлайды қылмыстық сот. Зардап шеккеннің жасына байланысты сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр.

Тараздағы оқиға: Айыпталушы бұрын да зорлық үшін істі болып, жазасын шартты түрде өтеген

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.