20-02-21 |
2200 рет қаралған
«Жалдамалы пәтер»: Жаңатастағы өртке қатысты тың деректер.
«Жалдамалы пәтер»: Жаңатастағы өртке қатысты тың деректер

Жамбыл облысында өрт кезінде қаза болған жас отбасының бес баласына қатысты тың деректер шықты. Бүлдіршіндердің төртеуі оқиға орнында, кенжесі ауруханада көз жұмды. Көпбалалы отбасы үш бөлмелі үйді жалдап тұрған.

Жамбыл облысының орталығынан 170 шақырымдай қашықтықта жатқан Жаңатас қаласында қара жамылған жас отбасыға қатысты мәліметтерді  inbusiness.kz сайты жариялады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, қайғылы жағдай тіркелген сәтте үйдің отағасы жұмыста болған. Ол Сарысу аудандық орталық ауруханасының кадр бөлімінде қызмет атқарады. Мұғалім болып еңбек ететін анасы сол кезде үйден біршама қашықтағы орталық базарға кеткен. Бұл – жаңатастық тұрғындардың сөзі.

Үйде қалған жеткіншектер үтікті қосып, салдарынан өрт тұтан. Ақыры, балалар түтінге уланған. Ақиқаты, бес бүлдіршіннің төртеуі оқиға орнында көз жұмса, кенжесі ауруханада қаза тапты. Қара жамылған отбасын танитындардан білгеніміздей, бұл үш бөлмелі пәтерді олар жалға алып тұрады, деп хабарлайды оқиға орнынан ақпарат жинаған сайт тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы пәтерде болған өрттен бір отбасының бес баласы қаза болды.  Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз қалған балалар 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған.

Елді есеңгіреткен оқиғадан кейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жаңатас қаласында өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.