09-02-20 |
540 рет қаралған
Тоқаев: Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым.
Тоқаев: Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым

Президент Қ.Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданы, Масаншы ауылында болған жағдайды жіті бақылап отыр. Мәселен, президент ел азаматтарынан көп өтініш келіп жатқанын айтады.

«Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім – елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету» деп жазады твиттеріндегі парақшасында.

Сондай-ақ президен болған оқиға мемлекеттік органдардың жұмысының салғырттығынан болды дейді.

«Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы салдарынан арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!» екенін айтады президент.

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында болған қақтығыстан сегіз адам қаза болған. Оқиғаға байланысты үкімет комиссиясы құрылды. Қазір уақиға болған ауылдағы жағдай бақылауда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.