08-02-20 |
560 рет қаралған
Жамбыл облысында болған қақтығыста 8 адам қайтыс болды.
Жамбыл облысында болған қақтығыста 8 адам қайтыс болды

Жамбыл облысында болған қақтығыста 8 адам қайтыс болып, 40-тан астам астам жарақат алды деп мәлімдеді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

«Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Сол жерде болған адамдар төбелесіп, видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратқан. Салдарынан басқа ауылдардан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылып кеткен. Екі тарап бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрып, қару қолданған. 8 адам қайтыс болды, 40-тан астам астам жарақат алды. Арасында қарудан зардап шеккендер де бар. Жағдайды тұрақтандыру үшін оқиға орнына ішкі істер органдарының қосымша күштері жіберілді», – деп хабарлайды министр Ерлан Тұрғымбаев

Еске салсақ, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе және Масанчи ауылдарында жаппай төбелес шыққан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.