16-02-18 |
9260 рет қаралған
«Жер заңы – жалпыұлттық мәселе» (видео).
«Жер заңы – жалпыұлттық мәселе» (видео)

Бүгін Астанада қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанның мұрындық болуымен мәжіліс депутаттары, ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері мен азаматтық белсенділер жер мәселесін талқылады. Жиынға дейін Мұхтар Тайжан өзінің facebook парақшасында былай деп жазған еді.

«Жер заңы – жалпы ұлттық мәселе, ол бір адамның шаруасы емес. Бұл заң – менің ғана заңым емес. Сол себептен өз басым екінші рет Жер заңның қоғамдық талқылауын өткізіп жатырмын, бұл жолы Астанада. Халықтың алдында өз абыройларын бір де бір рет төкпеген, сый-беделді азаматтар жиналады.

Заңның күмәнді жерлері болса, кел де айт жұрттың көзінше. Нақты факт-дәлелдерің болса ортақ талқыға сал, ел болып қарастырамыз. Басқа заңгерлер де өз сараптамаларын баяндап берер. Тіпті бүгінгі таңда тікелей эфирі бар ФБ деген мықты құралымыз дайын тұр.

Ал егер бұндай ашық пікірталастан бас тартсаң, сенде нақты дәлелдер жоқ деген сөз. Айтып отырған сөзің жалған, өтірік, заңды бұрмалау, халықты шатастыру, таза арандатушылық.

Өз парақшаңда тығылып кез келген ұранды жазуға оңай әрине, бірақ ол әлсіз позиция. Өз ұстанымың ашық пікірталаста дәлелдей алмасаң – айтқаң сөзің бәрі бос. Халықты ескірген баптармен инфарктқа дейін апару – халықты аямау, арзан популизммен өз жеке мүдде үшін пайдалану деген сөз.

Апта бойы, айлар бойы ФБ-та түрлі-түрлі ой тіпті жеке басқа тиюдің орнына ашық пікірталасқа қатысу керек деп ойлаймын. Мәселе нақты пенде жақсы ма жаман ба деген сұрақта емес, мәселе бұл заң халыққа пайдалы ма зиянды ма. Бұл сұрақ маңызды.

Соны ертең ашық талқыға саламыз, амандық болса. Жиынымыз сәтті, халыққа пайдалы өтсін! Солай болады деген сенімім зор!»

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.