27-09-19 |
480 рет қаралған
Митингіге балаларымен келетін ата-аналарды жауапкершілікке тарту керек – сенатор.
Митингіге балаларымен келетін ата-аналарды жауапкершілікке тарту керек – сенатор

Митингіге балаларымен келетін ата-аналарды жауапкершілікке тарту керек. Бұл туралы сенатор және балалар құқығы бойынша бұрынғы омбудсмен Сәуле Айтпаева Парламент сенатының пленарлы отырысында мәлімдеді.

Сәуле Айтпаеваның пікірінше митингіге балаларды әкелу олардың құқығын бұзады, сондықтан мұндай ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тарту керек.

  • «Кішкентай балалар күннің немесе жаңбырдың астында сағаттап тұруға мәжбүр. Ата-аналар түсінбейді, әлде балалалардың құқықтарын әдейі бұзады», – деді Сәуле Айтпаева.

Ол 16 жасқа толмаған балаларды «абайсыз» тұтқындаған полиция қызметкерлерін де жазалау керек деді. Сенатор бұл түзетулерді бірнеше кодекске және «Бала құқығы бойынша» заңдарға енгізуді ұсынды.

Алайда сенатор Сәуле Айтпаева бейбіт митингіге шыққан азаматтарды жалпы полицияның тұтқындағаны қаншалықты заңға қайшы екені туралы ештеңе айтпады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.