20-04-19 |
5300 рет қаралған
АҚШ барлау қызметі: Huawei-ді Қытайдың мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қаржыландырады.
АҚШ барлау қызметі: Huawei-ді Қытайдың мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қаржыландырады

АҚШ-тың орталық барлау басқармасы Huawei Technologies компаниясын Қытайдың мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қаржыландырады деп айыптаған. Бұл туралы «Таймс» газетіне сілтеме жасап, reuters.com хабарлайды.

«Таймс» газеті өзінің дереккөзіне сілтеме жасай отырып, сенбі күні, АҚШ орталық барлау қызметі Huawei Technologies компаниясын Қытайдың мемлекеттік қауіпсіздік комиссиясы, халық-азаттық армиясы, мемлекеттік барлау жүйесінің үшінші бөлімшесі қаржыландырады деп жазған.

Алайда, Huawei Technologies компаниясы айыптауды терістеп, жоққа шығарған.

«Huawei негізсіз әрі ешқандай дәлелсіз және анонимді дереккөзден алынған айыптауларға пікір білдірмейді» депті «Таймс» газетіне компания өкілі.

Былтыры желтоқсан айында Huawei компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоу АҚШ-тың сұрауымен Канада да тұтқындалған еді. АҚШ оны Иранға қарсы салынған санкцияны бұзды, банктік алаяқтық жасады деп айыптаған. Мэн Ваньчжоу өзі болса айыптауларды жоққа шығарады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.