14-01-19 |
4050 рет қаралған
АҚШ Ілияс Храпуновты ақша жымқыру ісі бойынша айғақтарды жойды деп айыптады.
АҚШ Ілияс Храпуновты ақша жымқыру ісі бойынша айғақтарды жойды деп айыптады

АҚШ -та Алматының экс-әкімі Виктор Хропуновтың баласы Ілияс ақша жымқыру ісі бойынша  және TrumpSoho ғимаратынан пәтер сатып алғандығы туралы айғақтарды жойды деп айыптап отыр.

Bloomberg-ке сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігінің жазуынша, «Мемлекеттік активтерді ұрлау бойынша айыпталған бұрынғы қазақстандық саясаткердің баласы АҚШ тан баспана сатып алуға байланысты келісімді жасыру үшін жүздеген тіркеу жазбаларын пайдаланып, шифрланған электронды хаттар алмасқан. Сондай-ақ Ілияс Храпунов сот процессінің басталуына дейін дәлелдерді сақтап қою туралы АҚШ сотының талабын орындамай, тіркеу жазбаларын жойып жіберген».

Жазбада І. Хорпуновтың үстінен «ақша жымқыру» және , «TrumpSoho деп аталатын қымбат ғимараттан пәтер сатып алуы» бойынша тергеу жүргізіліп жатқандығы айтылады.

«Жойылған жазбалар ChetritGroup тобының Flatotel жобасындағы үлесін сатуға байланысты болуы ықтимал» деп хабарланған агенттікте.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.