21-04-19 |
8640 рет қаралған
Алматыда кезектен тыс президент сайлауына қатысты плакат ұстаған адамдарды полиция ұстады.
Алматыда кезектен тыс президент сайлауына қатысты плакат ұстаған адамдарды полиция ұстады

Сәуірдің 21-і күні ​таңертең Қазақстан жастары ақпараттық қызметінің бас директоры Ирина Медникова Almaty Urban Air жобасының авторы, белсенді Әсия Төлешованы полиция ұстап, Бостандық аудандық полиция басқармасына әкеткенін хабарлады, деп жазады Азаттық.

«Asya Tulesova-ны достарымен бірге марафонда ұстап, Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына апара жатыр. Заңгер керек. Журналистер де қажет» деп жазды Медникова Facebook-тағы парақшасында.

Әлеуметтік желіде Төлешоваға ұқсас адамның «От правды не убежишь» (Шындықтан қаша алмайсың) деген жазуы бар плакат ұстап тұрғаны туралы сурет тарады. Ирина Медникованың айтуынша, оны осы акция үшін ұстаған болуы мүмкін.

Белсенді Әлия Төлешоваға ұқсас адам "От правды не убежишь" деген жазуы бар плакат ұстап тұр. Сурет Facebook-тан алынған.
Белсенді Әлия Төлешоваға ұқсас адам «От правды не убежишь» деген жазуы бар плакат ұстап тұр. Сурет Facebook-тан алынған.

Facebook-та тараған тағы бір видеодан Әсия Төлешова мен Сүйінбике Сүлейменованың полиция көлігінде отырғаны, полиция қызметкерлерінің олардан аты-жөндерін сұрап жатқаны көрінеді.

Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімінде отырған қызметкер Азаттық тілшісіне Әсия Төлешованың ұсталғанын растады.

«Иә, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір олармен «беседа» өткізіп жатыр» деді аты-жөнін айтпаған қызметкер. «Оларды не үшін ұстады?» деген сұраққа жауап бермеген қызметкер кейінірек ақпарат таратылатынын жеткізді.

Оқиға орнында жүрген Vlast.kz сайты тілшісінің хабарлауынша, полиция Төлешовамен бірге белсенді Бейбарыс Толымбеков және кинооператор Айгүл Нұрболатованы да ұстаған. Әсия Төлешованың телефоны жауап бермей тұр.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымға белгіленген.

Дереккөз: azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.