08-01-21 |
510 рет қаралған
АҚШ ҮКІМЕТІ ТРАМПТЫ БИЛІКТЕН КЕТІРМЕК.
АҚШ ҮКІМЕТІ ТРАМПТЫ БИЛІКТЕН КЕТІРМЕК

Америка үкіметі Дональд Трампты биліктен мерзімінен бұрын кетіру  мәселесін талқылап жатыр. Мемлекет басшысының өкілеттіктерін вице-президент Майк Пенске берілуі мүмкін. Бұл туралы CBS арнасы хабарлайды.

АҚШ конгресіндегі соңғы жаңалықтарды журналист Маргарет Бренан тікелей эфирде хабарлады. Айтуынша, Трампты биліктен кетіру туралы шешім түпкілікті әлі қабылданбаған. Сұрақ талқылану үстінде.

Америка үкіметінің Трампқа қатысты шешімі нақтыланса, АҚШ Конституциясына 25-ші түзету енгізілуі мүмкін.  Мұнда мемлекет басшысының әрекетке қабілетсіздігі жағдайында оның мүмкіндігі қарастырылады. Бұл жағдайда жаңа президент сайланғанға дейінгі  оның өкілеттіктерін вице-президент орындайды.

Майк Пенс АҚШ-тың вице-президенті, штаттың екінші адамы.

Әлем назарын аударған талқылаулардың бәрі АҚШ конгресс ғимаратында өтіп жатыр. Наразылық білдірушілер көзден жаз шығаратын газ көмегімен ғимараттан шығарылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.