15-07-19 |
1220 рет қаралған
Емшілер науқастарды президенттің кітабы бойынша емдейді.
Емшілер науқастарды президенттің кітабы бойынша емдейді

Түркіменстандықтар дәстүрлі емес медицина көмегіне көп жүгініп, ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің дәрілік шөптер жөніндегі кітабын пайдаланады. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды, деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Мемлекетті басқарған 12 жыл ішінде 50-ден аса кітап жазған, оның ішінде «Түркіменстанның емдік шөптері» жинағын шығарған Бердімұхамедовтің шығармашылығы елінде ресми деңгейде насихатталады.

Президенттің аталған кітабын елдің дәстүрлі медицинасы да жиі қолданады. 2018 жылдың қазан айында денсаулық сақтау министрлігі халыққа мемлекет басшысының кітабында көрсетілген дәрілік шөптерден жасалған шәй ішуді ұсынған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.