23-09-20 |
450 рет қаралған
Еуропаның төрт мемлекеті Лукашенконы президент ретінде мойындамады.
Еуропаның төрт мемлекеті Лукашенконы президент ретінде мойындамады

Германия, Литва, Словакия және Чехия Александр Лукпшенконы Белорусь президенті ретінде мойындамады. Бүгін Минскіде Тәуелсіздік сарайында Лукашенко ант беріп, президент қызметіне кіріскен еді. Оның ұлықтау рәсімі аяқ астынан ұйымдастырылды әрі ешбір елдің елшісі шақырылмаған.

Ал оппозицияның ортақ кандидаты Светлана Тихановская видео үндеу жасап, «Лукашенко зейнетке шықты, мен – Белорусьтің заңды әрі халық сайлаған президентімін!» деді.

Белорусьте 9 тамыздан бері Лукашенконың биліктен кетуін талап еткен халық қарсылығы тоқтамай тұр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.