24-06-19 |
1990 рет қаралған
Грузин футболистері ресейлік оккупацияға қарсы шықты.
Грузин футболистері ресейлік оккупацияға қарсы шықты

Футболдан Грузия чемпионатында ойын көрсеткен «Локомотив», «Рустави» және «Торпедо» командасының ойыншылары алаңға Ресей саясатына қарсы пікірлерін білдіретін жейде киіп шықты, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтары.

«Торпедо» футболистерінің жейдесінде «Мен Грузияданмын, менің елімді Ресей басып алды» деген жазу болды. Өзге команданың ойыншылары Грузия жерінің 20 процентін басып алды деген жазуы бар жейде киіп шықты.

Чемпионат.com басылымының жазуынша, «Торпедо» құрамында екі ресейлік ойыншы болған. Олар – мәскеулік «Локомотив» командасында тәрбиеленген Нодар Кавтарадзе мен «Строгино» клубының ойыншысы болған Вахтанг Небиеридзе.

Ресей мемлекеттік думасы грузин футболистерінің акциясына қатысты халықаралық футбол федерациясына шағымданды.

Тбилисиде жаппай наразылық акциясы 20 маусымда басталған. Оған себеп болған – мемлекеттік дума депутаты Сергей Гавриловтың Грузия астанасына барып, халықаралық ассамблея отырысына қатысуы. Бұл қоғам наразылығын туғызған.

Гаврилов 2008 жылы Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындап дауыс берген. Ол бұл аймақтар Ресейдің жері деп мәлімдеген.

Енді демонстранттардың қазіргі талабы Грузия ІІМ басшысы Георгий Гахарияның отставкасы. Олар парламент төрағасы Ираклия Кобахидзенің де отставкасын талап еткен. Ол өз еркімен қызметінен кетті.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.