11-12-18 |
4270 рет қаралған
Грузиндер шетелдіктерге жер сатуға қарсы шықты.
Грузиндер шетелдіктерге жер сатуға қарсы шықты

Грузиндер шетелдіктерге жер сатуға қарсы шықты. Оған парламенттің шетел азаматтарына жер сатуға жариялаған мораторийін конституцияға қайшы деп таныған Грузия конституциялық сотының шешімі себеп болды.

Биыл маусым айында Грузия парламенті шетел азаматтарына жер сатуға мораторий жариялаған еді. Ал Прокофий Саввиди және Диана Шаманиди есімді Греция азаматтары Грузия парламентінің мораторийін конституцияға қайшы деп тану жөнінде Конституциялық сотқа арыз берген. Конституциялық сот істі Греция азаматтарының пайдасына шешкен. Осыдан соң, Грузияның әділет министрлігіне көптеген шетел азаматтары ауылшаруашылық жерлерін тіркету үшін кезекте тұр. Ал Грузия халқы бұған қарсы. Қарсылық акциясын ұйымдастырған гүржілер әділет министрлігінің негізгі кіреберісіне жиналып, министр Тея Цулукианимен кездесуді талап етті.

Грузия парламентінің экс-депутаты Дмитрий Лорткипанидзе «Конституциялық соттың парламент шешіміне қарсы келуі өрескел жағдай, сондықтан да Грузия халқы бұған қарсы әрі бұл саяси шешім» деп пікір білдіріпті.

2015 жылы Жер кодексіне енген кейбір өзгерістер мен толықтыруларға қарсы 2016 жылы көктемде Қазақстанның бірнеше қалаларында халық наразылығы болып, кейін президент Н.Назарбаев Жер кодексінің дау тудырған кейбір баптарын қолдануға 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий жариялаған еді. Содан соң жер реформасы жөніндегі қоғамдық комиссияқұрылып, оның көшпелі отырыстары аймақтарда өтті. Қоғамдық комиссия жер туралы заң жобасын әзірлеуге қатысып, заң жобасын парламент мақұлдаған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.