08-09-20 |
380 рет қаралған
Колесникова төлқұжатын жыртып елде қалды.
Колесникова төлқұжатын жыртып елде қалды

Беларусь үйлестіру кеңесінің мүшесі Мария Колесникова өзін зорлықпен елінен шығару кезінде төлқұжатын жыртып тастаған. Бұл жайында «Интерфакс-Украина» агенттігі хабарлады. «Ол депортация кезінде төлқұжатын жыртып тастағандықтан шекарашылар Украина аумағына кіргізбеді», – делінген хабарламада.
Өз кезегінде Украина ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко, белорустық оппозиционерлерді елден «зорлықпен шығармақшы» болғанын айтады. «Олардың өз еркімен кеткісі жоқ еді, оларды күшпен шығармақ болды. Алайда, Мария Колесниковны елден кетіре алмады. Қайсар әйел төлқұжатын бүлдіріп, Беларусь республикасының аумағында қалды», – деді Антон Геращенко.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Беларусь мемлекеттік шекара қызметінің ресми өкілі Антон Бычковский үйлестіру кеңесінің мүшелері Антон Родненков, Иван Кравцов және Мария Колесникова шекаралық тексеруден өтіп, Украина аумағына өтіп кетті деп мәлімдеме жасаған.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.